×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда қосымша құн салығы көтерілмейтін болды

13.02.2024, 09:43
Қазақстанда қосымша құн салығы көтерілмейтін болды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл туралы үкімет отырысында үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Маңызды мәселе: қосымша құн салығы көтерілмейді. Бюджетті толтырудың басқа жолдарын табу керек, – деді ол үкіметтің бүгінгі отырысында.

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа салық кодексі бойынша қосымша құн салығы 12 пайыздан 16 пайызға көтеру көзделген еді. Алайда президент үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл бастаманы қолдамайтынын, ҚҚС-ты көтеру мәселені шешпейтінін айтқан.

Ulysmedia.kz порталында таяуда Қазақстан бюджеті қандай көздерден толығып, қайда жұмсалатыны жөнінде зерттеу жарияланған еді.