Ұлттық банк жариялаған есепте 2023 жылы жеке азаматтарға, бизнеске берілген несие 34,6 трлн теңген
Жалпы несие 35,6 трлн теңге
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2023 жылы берілетін несие 19,7%-ға ұлғайып, 34,6 трлн теңгені құраған. Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 47,5% бизнес кредиттеріне тиесілі (бизнес мақсаттарына кредиттер алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер), 52,5%–ы халыққа берілген кредиттерге тиесілі.
– Бұл ретте бизнеске кредиттер 2023 жылы 14,1% - ға өсіп, 16,5 трлн теңгені құрады, халыққа берілетін кредиттер – 25,4%-ға 18,2 трлн теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 20,5%-ға 31,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 11,9%-ға 3,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (оның ішінде оларды валюталық қайта бағалау есебінен). Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 86,0%-н құрады, – делінген есепте.