×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

Жұманғарин баға бойынша сөз байласқан ірі 10 сауда желісін атады

07.09.2021, 09:06
Жұманғарин баға бойынша сөз байласқан ірі 10 сауда желісін атады
Серік Жұманғарин

Елдегі танымал сауда желілері баға бойынша сөз байласып, үстем жағдайды өз пайдасына жаратқан, деп хабарлайды ulysmedia тілшісі.

«Бағалық сөз байласу және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 10 сауда желісіне қатысты шаралар қабылданды. Бұл сауда желілеріне қатысты жұмыс жалғасады», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Заң бұзған сауда желілерінің «айыпкер» ондығы - «Фиркан» ЖШС, «Грамад Ретейл» ЖШС, «Магнум Кэш энд Керри» ЖШС (ШҚО), «Ярмарка» ЖШС, «Идеал Маркет» ЖШС (Атырау обл.), «Дина Маркет» ЖШС, «Идеал Маркет» ЖШС (Цивильск), «Дина Маркет» ЖШС, «Анвар» ЖШС (Ақтөбе обл.) болып отыр. Ең ірі республикалық желі Магнум («Magnum Cash@Carry» ЖШС) өзіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15-тен 10 пайызға дейін төмендету туралы міндеттеме алған.

Жалпы Жұманғарин келтірген дерекке сәйкес, осы жылдың қаңтары мен тамызы аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 9,9% қымбаттаған.