×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қымбатшылық қысып тұр: 2023 жылы азық-түлік бағасы қаншалықты өсті

01.03.2024, 10:14
Қымбатшылық қысып тұр: 2023 жылы азық-түлік бағасы қаншалықты өсті
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы инфляция динамикасы жөнінде статистикалық мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бюроның ресми мәліметі

Бюроның хабарлауынша, 2024 жылдың қаңтарын 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда күріш бағасы 31,3%, минералды және ауыз су 17,2%, жұмыртқа 16,9%, салқындатылған сусындар 15,5%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері 15%, консервіленген сүтке 13,9%, сары майға 13,1%, жаңа жиналған жемістер мен көкөністер 12,3%, майлылығы 2,5% айран 11,9%, пастерленген сүт 11,8%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері 11,7%, балық және теңіз өнімдерге 11,5% қымбаттаған. Бағасы төмендеген азық-түліктер: пияз 26,4%, қарақұмық жармасы 23,6%, күнбағыс майы 19,8%, құмшекер 15,5%.

– Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға, жиһаз және үйге қажетті заттарға 11,8%-дан, фармацевтикалық өнімдерге 11,7%, киім және аяқ киімге 11,1%, ыдысқа 10,6%, құрылыс материалдарына 7,3% өсті. Дизель отыны 14,3%, бензин 13,6%, сұйытылған газ баллондағы 13,5%, тас көмір 10,1% қымбаттаған, – делінген ресми мәліметте.

Қызметтер де қымбаттаған

Баға санаторийлер қызметтеріне 16,1%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне 16%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне 13,6%-дан, денсаулық сақтау қызметтеріне 13,2%, білім беру қызметтеріне 10,2%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 7,9% өскен. Жолаушылар теміржол көлігімен жол жүру 10,7%, таксимен 10,1%, қалалық автобуспен 9,3%, жолаушылар әуе көлігімен 9,2%, қалааралық автобуспен 7,9% қымбаттаған.

Тарифтер қоқыс шығаруға 29,6%, су бұруға 28,6%, орталықтан жылытуға 26,7%, ыстық суға 23,2%, суық суға 21,9%, электр энергиясына 20,7%, тұрғын үйді күтіп ұстауға 7,8% өскен.

Қымбатшылық қатты сезілген өңірлер

Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы қаңтарда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасқан. Олардың ішінде қымбатшылық ең қатты сезілген өңірлер – Қарағанды (11,3%), Маңғыстау (10,6%), Атырау және Шығыс Қазақстан (10,1%-дан) облыстары.

Инфляцияға қай тауарлардың құны әсер етті?

Былтыр баға нан өнімдері мен жармаларға (10,1%), ет және ет өнімдеріне (6,8%) өсіп, инфляцияға тиісінше 0,7 және 0,8 пайыздық тармақ бойынша негізгі үлес қосқан. Жылдық инфляцияға жұмыртқа мен (16,9%), алкоголсіз сусынның (10,9%) қымбаттауы және 0,2 пайыздық тармақтан, сүт өнімдері (10,4%) 0,4 пайыздық тармақ, жемістер мен көкөністер (9%) – 0,5 пайыздық тармақпен ықпал еткен..

Тұрғын үй коммуналдық қызметтер бір жылда 13,8% қымбаттап, олардың инфляцияға үлесі 1,8 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы қаңтарда орталықтан жылыту өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 26,7% жоғары болды. Жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақ, электрэнергия (20,7%) – 0,4 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (8,7%), тұрғын үйді жалға алу (7,9%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосқан.