Қазақстанның әділет министрі Азамат Есқараев биыл бюджеттен халықаралық арбитраж істеріне қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мәжіліс кулуарында журналистер министрден биыл Қазақстан Молдова кәсіпкерімен соттасу үішн бюджеттен қанша қаражат бөлетінін сұраған.
– Біз процесті тоқтатқан жоқпыз. Негізінен шетелдік кеңесшілер қалды. Өткелде ат ауыстырмайды. Мен бұл мәселе бойынша нақты айтпаймын. Жалпы, биыл бюджетте бізде әділет министрлігінің барлық төрелік істеріне шамамен 10 млрд теңге бөлінді, – деп жауап берді министр.
Ол биыл бюджет айтпақшы өспегенін атап өтті. Қазір арбиртажда 26 процес қаралып жатыр.