Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448-453 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,5 – 451,7 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 448,5 – 453,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 14 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 449,89 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,91 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,85 – 4,92 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,78 - 4,93 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, кеше Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448-453 теңгеден саудаланған.