×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сәтқалиев Қарашығанақта қанша мұнай және газ қоры қалғанын айтты

02.04.2024, 18:27
Сәтқалиев Қарашығанақта қанша мұнай және газ қоры қалғанын айтты
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қарашығанақта (Қазақстандағы үш ірі мұнай-газ кен орындарының бірі) 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұнай мен конденсаттың қалдық қоры 253 миллион тонна. Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 - 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұнай мен конденсат қоры 253,2 млн тонна, газ - 791,7 млрд текше метр», - деді ол үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, Қарашығанақты кеңейту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру 2028 жылға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, бұл өндірісті жылына 11 миллион тонна деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді. 

Қарашығанақ операторы, Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КРО) өткенде 2023 жылғы есебін жариялаған. Онда тұрақты және тұрақсыз сұйық көмірсутектер, экспортқа арналған газ және тұрмыстық қажеттіліктерге арналған тазартылған газ түріндегі шамамен 143 миллион баррель болатын мұнай өнімдерін өндіру туралы хабарлады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда (129 миллион баррель) 10,9%-ға көп. Компания кен орнын игеруге 31,3 миллиард доллар инвестиция салғанын айтты. 

Қарашығанақтағы мұнай қоры – 1,2 млрд тонна, газ қоры – 1,35 трлн текше метр. 1997 жылы алдағы 40 жылға жасалған «Өнімді бөлу туралы» келісімге сәйкес, Қарашығанақты игеру жұмыстарын Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КРО) жүзеге асырады. Аталған «Қарашығанақ операторы» Shell - 29,25%, Eni - 29,25%, Chevron 18%, Лукойл - 13,5% және «ҚазМұнайГаз» - 10% компанияларын біріктіреді. 

Наурыз айының соңында Сәтқалиев журналистерге Қазақстан үкіметі  Қашаған мен Қарашығанақ операторларына қатысты талап қойғанын, осыған қатысты процесі жүріп жатқанын және арбитр (төреші) тағайындалғанын айтқан еді. 

– Ешқандай жаңалық жоқ, ағымдағы үрдіс, консультациялар жүріп жатыр. Кеңесшілер тартылып, төрешілер тағайындалды. Бұл халықаралық арбитраж мәселелерін қарау тәртібі, оған дайындық ұзақ уақытқа созылады», - деді министр. Бітімге келу мүмкіндігін атап өткен министр барлық коммерциялық дау-дамайда уәкілетті органдар мемлекет мүддесін алға тартатынын айтты. 

Міне, коммерциялық арбитражда талап қоюға уәкілетті орган – PSA-нң ұстанымы осындай. Тағы да атап өтейін, бұл – коммерциялық арбитраж. Ал процестің тактикасын қалыптастырған кезде біз мемлекеттік мүддені көздеуіміз керек», - деді Сәтқалиев.

Қазақстан үкіметі халықаралық сотқа Қашаған мен Қарашығанақты игеріп жатқан операторлар жалпы сомасы 16,5 миллиард долларды (Қашаған үшін 13 миллиард доллар және Қарашығанақ үшін 3,5 миллиард доллар) өтесін деп талап қойды, жоба серіктестері, яғни мұнай өндіруші шетелдік компаниялар бұл қаражатты алдағы табыстарынан төлеуі тиіс. 

Айта кетейік, шағымдар Қашаған бойынша 2010 жылдан 2018 жылға дейінгі және Қарашығанақ бойынша 2010 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Істерде компаниялардың екі жобада да тендерлік рәсімдерді бұзғаны, сондай-ақ Қашағандағы мердігерлердің жұмысын толық көлемде орындамағаны туралы айыптаулар бар.