×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстанның алтын-валюта резервтері 2 млрд долларға жуық сомаға өсті

25.04.2024, 14:04
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, бұл резервтердің өсуіне әсер еткен басты фактор ретінде алтын нарығындағы "ралли" үрдісі себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова 2024 жылдың 1 тоқсанында сыртқы нарықтардың динамикасына әсер еткен негізгі оқиғалар жайлы айтып берді.

Валюта қалай нығайды

Молдабекованың сөзінше, әлемде дезинфляция үрдісі жалғасып жатыр. Дегенмен, сарапшылар мен инвесторлар болжамына қарағанда, инфляцияның бәсеңдеу қарқыны баяу жүрген. АҚШ-та бағаның өсу қарқыны үш ай қатарынан экономистердің болжамынан асып түскен. Тұтыну бағалары индексінің кейінгі шыққан деректерін негізге алар болсақ, наурыз айында көрсеткіш 3,4% болады деп күтілген еді. Жылдық мәнде 3,5%-ға өсті. Осылайша, АҚШ-тағы инфляция процестерінің тұрақты болуы «ақша нарығындағы ахуал жақын арада жеңілдейді» деп ойлаған оптимист инвесторлардың ойын өзгертіп жатыр.

– Әлемдік экономикалық өсімге қатысты ХВҚ-ның оң болжамдарына, Халықаралық энергетика агенттігінің наурызда мұнайға ұраныс артады деп болжағанына, сондай-ақ Таяу Шығыста күрделі геосаяси ахуал сақталғанына байланысты мұнай бағасы тоқсан ішінде 13,6%-ға өсіп, баррелі 87,5 АҚШ долларына жетті. Мұнай бағасы жоғары болғандықтан, ұлттық валюта бағамы да нығайды, – дейді ол.

Бағалы қағаздар

Молдабекова мемлекеттік бағалы қағаздарына шетел инвесторларының қызығушылығы артқанын хабарлайды. 

– Кейінгі кезде еліміздің мемлекеттік бағалы қағаздарына шетел инвесторларының қызығушылығы артқанын байқап отырмыз. Мәселен, 2024 жылдың 1-тоқсанында  бейрезиденттердің салымы 186 млрд теңгеге немесе 433 млн АҚШ долларына ұлғайған. Жалпы, қазіргі нарықтағы ахуал шетел инвесторларының қызығушылығын тудырып отыр. Дегенмен, нарықтағы жағдайдың қолайлылығы өз алдына, сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына деген бейрезиденттердің қызығушылығын арттыру үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Үнемі шетел инвесторлармен кездесу өткіземіз және ел нарығындағы жағдай туралы баяндаймыз, олардан нарық инфрақұрылымын жақсарту үшін қабылданған шараларға байланысты кері байланыс, оң баға алып жатамыз, – дейді ол.

Ұлттық банк Қазақстанның МБҚ шетелден қаражат тарта алатын зор әлеуетке ие деп есептейді. Алайда, инвесторлар қайталама нарықтағы өтімділіктің артқанын күтіп отыр. Кейінгі 2 жылда биржа нарығында Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша қайталама сауда-саттық көлемі айтарлықтай өскен: 2021 жылы 871 млрд теңге болса, 2023 жылы 2,7 трлн теңгеге дейін жетті. Бірақ, қайталама нарық өтімділігінің одан әрі қарқынды түрде өсуі үшін күш салу қажет деп санайды.

Ақша нарығы

2024 жылдың 1 тоқсанында ақша-кредит саясаты құралдарына қатысты қабылданған өзгерістерге байланысты қазір ТONIA мөлшерлемесіне Ұлттық банк араласпайды. Яғни, оны нарық қалыптастырады. Әрине, біз репо нарығын мұқият бақылаймыз және таргет белгілі бір кезеңдерде пайыз дәлізінен шығып кетенін байқап отырмыз.

– Дегенмен, бұл бастама біз жетілдіріп жатқан ақша нарығындағы кейбір кемшін тұстарды анықтауға мүмкіндік берді. Біз репо жағдайын жақсартуда қандай мүмкіндіктер барын нарық қатысушыларымен бірігіп үнемі талқыға саламыз. Олардан кері байланыс аламыз және ақша нарығындағы жұмысты тиімді ете түсу үшін атқарылуы керек жұмыстарды пысықтаймыз. Мәселен, банктер тұрақты қолжетімділік операциялары аясында депозиттерді қабылдау уақытын ұзарту қажет екенін айтқан болатын. Қазір біз овернайт депозиттерін қабылдау процесін автоматтандыру мүмкіндігін зерттеп жатырмыз. Бұл ЕДБ-ның операциялық жүктемесін төмендетуге, сондай-ақ Ұлттық Банктің депозиттері бойынша уақытша шектеуді ұзартуға мүмкіндік береді, – дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасарыү

Алтын-валюта резервінің динамикасы

Жыл басынан бері АВР 1,9 млрд долларға өсіп, 1 тоқсанның соңындағы мәлімет бойынша 37,8 млрд АҚШ долларына жеткен. Әлбетте, АВР-дың өсуіне әсер еткен негізгі фактор – алтын нарығындағы «жарыс» екені даусыз. Осылайша, қарастырылып отырған кезеңде бағалы металдың бағасы 7%-ға өсіп, бір троя унциясы 2 062,4-тен – 2 207 АҚШ долларына дейін жетті. Алтын құны осы тоқсанда тек бір рет 2 000 АҚШ долларынан түсіп, 1990,8 АҚШ долларына дейін төмендеді. Ал, алтын бағасының ең жоғары құны 1 троя унциясы 2210,65 АҚШ долларына теңелгенде тіркелді.

Сыртқы нарықтарға алтынды сату жоспары

Былтыр 120 тонна алтын сатылған. Сондай-ақ, приоритетті құқық аясында еліміздегі алтын өндірушілерден 65,5 тонна алтын сатып алынды. Нәтижесінде, былтыр жыл аяғына қарай резервтегі алтын үлесі 58,4%-дан 54,2%-ға дейін азайған.

Биыл резервтердің өтімділігін одан әрі әртараптандырып, сақтап қалу үшін, сондай-ақ бағалы металдың бағасы жоғары екенін ескеріп, сыртқы нарықтарға алтын сатуды жалғастыра береміз деп жоспарлап отырмыз. Қанша алтын сататынымыз, негізінен, нарықтағы жағдайға және оның әрі қарай қалай қалыптасатынына, сондай-ақ приоритетті құқықты іске асыру аясында сатып алынатын алтын көлеміне байланысты болады. 

Одан бөлек, алтын-валюта активтері құрылымында алтынның үлесі біршама екенін ескере отырып, АВР кірістілігін арттыру үшін шотқа алынбаған алтын портфелін белсенді басқару туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты АВР-ды басқару туралы инвестициялық стратегияға өзгеріс енгізілген.

Серіктес жаңалықтары