×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

ІІМ ресейлік нөмірмен жүрген көлік иелеріне 10 күн уақыт берді

08.11.2021, 12:42

ҚР ІІМ ресейлік нөмірмен жүрген көлік иелеріне 10 күн уақыт берді деп хабарлайды ulysmedia.kz .

Еске салсақ, осы демалыс күндері желіде ресейлік нөмір таққан көліктердің жаппай айып тұрағына қойылатыны туралы ақпарат тарады. Оны порталға елордалық жол полициясының қызметкері де растаған болатын.

Осы орайда ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстаннан тысқары жерде көлік сатып алған азаматтарымыздың оны 10 күн ішінде міндетті түрде елде тіркеуі керектігін атап өтті.

Осылайша мәселе Ресейден Қазақстанға кірген, РФ-да тіркеуден шығып кеткен 210 137 автокөліктің 88 401-не қатысты туындап отыр. Министр, сондай-ақ, 606 автокөлік қылмыстық іздеуде екенін мәлімдеді.

Сондықтан ешқандай есепте жоқ, «ауадағы» мұндай көліктерді елімізде пайдалануға тосқауыл қойылмақ.

 ҚР ІІМ әкімшілік полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Түсіпов ресейлік нөмірлі машиналар тіркелмесе, иелеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын, ал көлік айып тұрағына қойылатынын қадап айтты.