×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Нұр-Сұлтанда ресейлік көлік иелері бас көтерді

08.11.2021, 16:06
Нұр-Сұлтанда ресейлік көлік иелері бас көтерді
Фото: informburo.kz

Ulysmedia.kz тілшісіне бұған дейін дереккөз хабарлағандай, бүгін ресейлік нөмірлі көлік иелері Нұр-Cұлтан қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жиналды.

Олар полиция өкілдері бастаған тексеруге наразылық білдіріп, машиналарын айып тұрағына қоймауды, өздеріне айыппұл салмауды және де нәтижесінде көрші елден әкелінген автокөліктерді тіркеуді жеңілдетуді сұрады.

Наразылық білдірушілермен кездескен полиция қызметкерлері әр жағдай бөлек тексерілетінін, ешкімнің көлігі біржола алынып қоймайтынына сендіруде.

Тиісті мәселеге қоғамда көзқарас әрқилы. Біреу тәртіп баршаға бірдей десе, келесілері мәселенің мәні тереңде, түсініктік таныту керек дегенді айтады. Мысалы блогер Айсұлтан Жақыпов аталмыш көлік иелерін жер мәселесі кезінде үнсіз қалғанына кінәлады.

“2-3 күн болды чаттарда русучеть көлігі барлар шырылдап жатыр. "Табан ақы, маңдай термен келген көлігімізді тартып алса митингке шығамыз", дегендері де бар. Жеме-жемге келгенде бір Құдай білсін не істейтінін. Жері сатылғанда, елі тоналғанда үн қоспаған ағайындар ғой... Олар үшін қатты қайғырып отырғаным да шамалы… Бірақ, осындай беспределдің боларын жоғарыдағылар білмеді дей алмаймыз. Көлік алған кезде құжаты түгел емесін біздің қазекем де білді. Орыс номерін таққан мәшнені қай кезде тебуге болады? Ресейде туысың, жақсы танысың болса, көлік соның атында тұрса, жылда сен берген ақшаға салығын төлеп отырса дегендей дүниелер ғой”, – деп ой өрбіткен ол заңсыздықты жоюға қарсы еместігін, алайда биліктің “өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын” жолды табу керектігін келтірді.

Еске салсақ, демалыс күндері желіде ресейлік нөмір таққан көліктердің жаппай айып тұрағына қойылатыны туралы ақпарат тарады. Оны порталымызға елордалық жол полициясының қызметкері растаған болатын.

Осы орайда ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстаннан тысқары жерде көлік сатып алған азаматтарымыздың оны 10 күн ішінде міндетті түрде елде тіркеуі керектігін атап өтті.

Түйткіл Ресейден Қазақстанға кірген, РФ-да тіркеуден шығып кеткен 210 137 автокөліктің 88 401-не қатысты туындап отыр. Министр, сондай-ақ, 606 автокөлік қылмыстық іздеуде екенін мәлімдеді.