×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

Үкімет инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін бекітті

07.09.2021, 10:03
Үкімет инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін бекітті
Үкімет

Премьер-министрдің айтуынша, бұл шаралар жыл соңына дейін азық-түліктен басқа тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасын жедел түрде тұрақтандырып, инфляцияның жалпы деңгейін бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ulysmedia тілшісі.

Премьер-министр Асқар Мамин азық-түлік инфляциясын тежеу жөніндегі жедел шаралар аясында экономиканың секторларында құн белгілеудің бүкіл тізбегінде бағаны тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылданатынын атап өтті. Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сатып алу ұйымдастырылып, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» қайта өңдеушілер үшін шикізаттың болжамды әрі тұрақты бағасын қамтамасыз етудегі рөлі кеңейтіледі.

«Өндірушілерге жеңілдікпен несие мен субсидия беру механизмдері кеңейтіліп, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін сақтау инфрақұрылымын салу үшін субсидиялау нормалары ұлғайтылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатушылар үшін жалдау ақысы төмендетіледі. Елдегі өндірушілердің бірыңғай тізілімін жасау және бағаны мониторингтеу жөніндегі талдамалық платформаны іске қосу өңірлерде инфляцияның күрт өсу фактілеріне дереу әрекет етуге мүмкіндік береді», - деді Асқар Мамин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, азық-түліктен басқа тауарларға инфляция деңгейін тежеу жөніндегі шаралар аясында қажет болса, тапшылық орын алып отырған немесе ішкі нарықта бағасы өскен шикізат пен материалдарды экспортқа шығаруға шектеу енгізу көзделеді.

«Медициналық қызметтердің кешенді тарифтерін және бірқатар медициналық тауарлардың шекті бағасын алдын ала бекіту қамтамасыз етіледі. Инфляция импорты жоғары өндірістерді ұлғайту жөнінде нақты шаралар қабылданады. Оның ішінде құрылыс материалдары мен жеңіл өнеркәсіп өнімдері де бар. Ақша-кредит саясатының аясында, инфляцияға қарсы шараларды іске асыруға, оның ішінде экономикадағы өтімділік көлемін бақылауды күшейту жолымен іске асыруға назар аударылады.  Бұл шаралардың бәрі биылғы жылдың соңына дейін азық-түліктен басқа тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасын жедел түрде тұрақтандырып, инфляцияның жалпы деңгейін бақылауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол