×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Әдемі слайд жасауға шеберміз - Мырзахметов шала-шарпы мембағдарламалар туралы

11.11.2021, 16:07
Әдемі слайд жасауға шеберміз - Мырзахметов шала-шарпы мембағдарламалар туралы
Фото: Ашық дереккөзден

Бізде бәрі әдемі сыртқы көрініске, жылтырға құмар. Кез-келген салада, мемлекеттік органдарда тереңінен қазбалаудан, түбіріне үңілуден қашады деп мәлімдеді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы өз сұхбатында деп хабарлайды Ulysmedia.kz .

“Қандай да бір атышулы мәлімдеме жасауға құмар емеспін, бірақ дәйекті түрде айта аламын, бізде қазір өкінішке қарай, кез-келген салада, мемлекеттік органдарда тереңінен қазбалаудан, түбіріне үңілуден қашады. Әдемі слайдтар, көріністер бар, осыған қатты беріліп кеттік. Ал керегі мәніне бойлау ғой.

(Олай дейтінім, мысалы) субсидияға зер салсақ, Ауылшаруашылық министрлігі департаментіне алдымен талдаушылар командасы қажет. Олар барлық үдерісті жіктеп, содан кейін барып цифрландырған абзал. Сонда ғана қалай беріліп, кімнің бақылап отыратыны байқалады. Қазір ол жоқ”, – дейді Атамекен басқарма төрағасы.

Ауыл шаруашылығы министрлігі болса, оның сөзінше, ережені бекітетіндеріне, қолдау қаржысын әкімдік беретін екеніне сілтеуде. Абылай Мырзахметов неге бизнеспен бірге жұмыс тобын құрып, мәселені асықпай қарастыруға болмайтынына таңғалады. Әйтпесе 3 айда ауылшаруашылық саласына бағдарлама жазып шығу мүмкін емес.  

“Отырып, бәрін таразылап, кемшіліктерін анықтауға болады ғой. Кілтипан "Qoldau" кінәсінде емес, әкімдіктің онда да тиісті ережені қолданатынын білемін. Қолжетімділігі барлар түнде ашып, таңертең ашқандарға субсидия қалмайды. Бұл үдерістер оны ешкім түсінбейтіндей құрылғанын аңғартады”, –  деп тұжырымдайды сарапшы.