«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына 7,5 трлн теңге қаралған деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Еске салсақ, биыл 13 қазанда бұрынғы мембағдарламалар орнын басатын 10 Ұлттық жоба бекітілді. Ол құжатта ел экономикасы қайда бағыт алатыны қамтылған. Соның бірі өңірлерге арналады.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверінің» мақсаты туралы үкіметтің ресми сайтында былай делінген:
«Халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайларды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көлік байланысын қамтамасыз ету және елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыру есебінен азаматтардың тұруына қолайлы орта құру».
БЮДЖЕТІ
Осы жобаның бюджетіне тоқталсақ. Төрт жылға барлығы 7,5 трлн теңге қаралған.
КІМ ЖАУАПТЫ?
10 Ұлттық жобаны іске асыруға 5 жылда 49 трлн теңге қарастырылған. 16 трлн теңге бюджеттен, оның ішінде: 13,3 трлн теңге РБ (республикалық бюджет), 3 трлн теңге ЖБ(жергілікті бюджет), ал 33 трлн теңге жеке инвестициядан келеді деп отыр.
Әр жобаның орындалуына саланың бірінші басшысы жауапты. Министр мен вице-премьерлер бекітілген.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының жетекшісі – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев, Куратор - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр.
ҰЛТТЫҚ ЖОБА АУЫЛ ХАЛҚЫН ҚАЛАҒА КӨШІРУДІ КӨЗДЕЙДІ
Қандай әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу күтіледі:
- Урбанизация деңгейін 59,1% - дан 62,6% - ға дейін ұлғайту;
- Агломерациялар мен облыс орталықтарындағы (сондай-ақ Семей қаласындағы) халық санын жыл сайын 1,7% - ға ұлғайту;
- Ауылды елдімекенге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 21 мыңнан астам мамандарды, сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін тарту;
- Барлық қаржыландыру көздері есебінен 236,7 мың отбасының тұрғын үй жағдайларын;
- Ауылдарда сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- Қоныс аударушылар мен қандастардың жұмыспен қамтылу деңгейін, оның ішінде кәсіпкерлік бастаманы дамыта отырып, 79% - дан 87% - ға дейін арттыру.