×
522.42
543.89
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.42
543.89
5.28

Мемлекетке жемқорлар жымқырған 428,7 млрд теңге қайтарылды

Бүгін, 11:40
Мемлекетке жемқорлар жымқырған 428,7 млрд теңге қайтарылды
Ulysmedia коллажы

Мұндай мәліметті бас прокурор Берік Асылов таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

БАС ПРОКУРОР НЕ ДЕЙДІ

Асыловтың айтуынша, былтыр 428,7 млрд теңге мөлшерінде ұрланған активтер қайтарылған. Заң субъектілерімен келісімдер бойынша 48 млрд теңгеден астам сомаға 15 әлеуметтік және инвестициялық жоба іске қосылған. 

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, сот тәртібімен түсініксіз шыққан активтерді мемлекет кірісіне айналдыру практикасы енгізілген. Қазір нәтиже бар екенін айта кету жөн болады (10 миллион долларға талап қанағаттандырылды, сома өтелді). Сонымен қатар, мүлікті ерікті түрде кері қайтару бөлігінде субъектілермен жұмыс жүргізіліп жатыр, – дейді Асылов.

АУКЦИОН

Мемлекетке қайтарылған активтерді сатып, бюджетке қаражатын бағыттауға қаржы министрлігіне қарайтын Қайтарылған активтерді басқару компаниясы жауапты. Компания десе де, қандай мүлік кімнен қайтарылғанын, ол нысандар немесе асыл бұйым қандай жолмен мемлекет меншігіне өткенін ашып айтпайды. Ulysmedia.kz бұған дейін бұл активтердің біршамасы өтпей жатқанын жазған еді.