×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Рухани жаңғыруға» жауапты шенеунік одан пайда табуға тырысқан

27.12.2021, 08:37
«Рухани жаңғыруға» жауапты шенеунік одан пайда табуға тырысқан
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Антикор кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғаларды жауапқа тартты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңнамалық тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғаларды анықтады. Мәселен «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшысының орынбасары мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлға ретінде қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұза отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. Оның атына тіркелген ЖК (жеке кәсіпкерлік) Теміртау мәдениет сарайына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жауыртаудағы кездесу» фестивалін өткізу бойынша 3,9 млн теңге сомасына қызмет көрсеткен.

«Осыған ұқсас дерек Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманына қатысты анықталды. Оның ЖК мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кең тұтынылатын азық-түлік емес тауарларды жеткізумен айналысқан», – деп мәлімдейді жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Аталған тұлғалар Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ӘҚБтК-нің 154-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 408 380 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жылдың басынан бері әкімшілік құқықбұзушылық туралы 109 іс қозғап, 31,2 млн теңге көлемінде айыппұл салған. Әкімшілік жауапкершілікке 100 жеке және 2 заңды тұлға тартылған