×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Ғарыштан бұрын жердегі мәселелерді шешіп алу керек еді – Бапи «Бәйтерек» зымыраны жайлы

19.02.2025, 12:45
Ғарыштан бұрын жердегі мәселелерді шешіп алу керек еді – Бапи «Бәйтерек» зымыраны жайлы
Ulysmedia коллажы

Депутат Ермұрат Бапи «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру жобасын қолдамайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бүгін мәжіліске Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама келіп түскен. Заң жобасын комитет жұмысына алған. 

ЕРМҰРАТ БАПИДІҢ ПІКІРІ

Мұның мен негізі маманы емеспін. Бірақ саясат тұрғысынан айтар болсақ, Қазақстанның ғарышты игеру жөнінде айтар болсам, бізге ғарышқа дейін де біраз мәселе бар. Ол әрине, келешектегі дүние. Қазақстанның ғылым техникасын дамытудың бір драйвері болады деген тұрғыда қозғалып жатқан мәселе. Әрине, бізге ол керек, бірақ оған соншалықты экономикамызды, транзиттік жағдайымызды жөндеп алмай, Оқжетпеске қылыш сермеп не керек деген сұрақ туады. Орыстар “зачем козе баян” деген тәмсіл бар. Бізге ғарыш соншалықты қажет пе? Біз өзіміздің жергілікті халықты, қымбатшылықты, экономиканы, елдің кіріптарлығын, несиеге кіріптарлығын шешіп алу керек еді. Ғарыштан бұрын жердегі мәселені шешіп алуымыз керек еді. Осы тұрғыда мен әрине, ол жобаға онша көңілім толмайды, – дейді Ермұрат Бапи.

Депутат Ресейдің өзі де қазір “Байқоңырды” Қазақстанға біртіндеп қайтаруға мәжбүр болып отыр деп болжайды. “Қазір қиыр шығыстағы айлағы іске қосылып, жұмыс істей бастайды. Қазақстанға арендалық жарна төлеу керек. Қазақстанға мүддесі тек геосаяси жағынан ғана Ресейге қажет деп ойлаймын” дейді ол.

Аталған жоба жайлы Ulysmedia.kz порталы бұған дейін жазған еді. "Союз-5" зымыраны бойынша барлық жұмыс Қазақстан мен Ресейдің бірлескен "Бәйтерек" кәсіпорнының құзіретінде. Бірлескен кәсіпорын 2005 жылы құрылған. Яғни оған биыл 20 жыл толды. 2005-2016 жылдар аралығында "Бәйтерек" жобасын іске асыруға 12,5 млрд теңге сомасында қаражат игерілген. Ал 2018 жылдан бастап "Бәйтерек" нысандарын ұстауға жылына шамамен 1 млрд теңгеден ақша бөлінеді, яғни шамамен 7 млрд теңге. 2024 жылы "Союз-5" іске қосу жобасына 14 млрд теңге бөлінді. 2025 жылға 60 млрд теңге жайлы айтылды. "Бәйтерек" жобасына 20 жыл ішінде жалпы сомасы 93,5 млрд теңге шығындалған.