×
513.74
569.17
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.74
569.17
6.33

«Бұл қосымша түсім әкелмейді»: Баталов ҚҚС шегін төмендетуге қарсы

09.04.2025, 10:16
«Бұл қосымша түсім әкелмейді»: Баталов ҚҚС шегін төмендетуге қарсы
Ulysmedia.kz коллажы

Белгілі кәсіпкер, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін 15 миллион теңгеге дейін төмендетуге қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бизнесмен бұл пікірін мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып айтты. Ол ҚҚС бойынша тіркеу шегін қазіргі деңгейде қалдыру қажет деп есептейді.

Біз бұл шекті қазіргі қалпында — 79 миллион теңге көлемінде қалдыру қажет деп санаймыз. Себебі шекті төмендету ҚҚС бойынша қосымша түсім бермейді. Бірақ 40 миллион теңге деген – бұл бір келісімді ымыра сияқты. Ал 15 миллионға үзілді-кесілді қарсымыз. Біз 79 миллионды ұстанамыз, – деді Баталов.

Оның айтуынша, шекті төмендету айтарлықтай салық түсімін қамтамасыз етпейді.

Егер шек бәрібір төмендейтін болса, 40 миллион – ең болмағанда қисынды шешім. Біз есептедік: 15 пен 79 миллион теңге арасындағы айналым ҚҚС-тың небәрі 5 пайызын ғана құрайды. Егер осы кәсіпкерлердің барлығы ҚҚС төлейтін болса да, бюджетке түсетін сома бар болғаны 160 миллиард теңге. Мұндай сома үшін шекті түсірудің қажеті жоқ, – деді ол.

Қазақстанда бюджет тапшылығын еңсеру мақсатында салық реформасы қызу талқыланып жатыр. Бүгін мәжілісте құжат бірінші оқылымда қаралып жатыр. Үкімет 16 пайыздық базалық ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді, бірқатар басым бағыттағы салалар үшін 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлеме белгілеуді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бұл салықтан босатуды ұсынып отыр.

Серіктес жаңалықтары