×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

2023 жылдан бастап салықтың кейбір түрі жергілікті бюджетке аударылмақ

12.01.2022, 07:59
Фото: Ашық дереккөзден

Тиісті өзгерістер туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында ұлттық экономика министрі Әділет Қуантыров айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Министрлік келесі ұсыныстарды пысықтап жатыр. Біріншіден, ШОБ-тан корпоративтік табыс салығы түсімдерін беру тетігіне ұқсас, 2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру жоспарланып отыр. Екіншіден, орталық пен өңір арасындағы қарама-қарсы қаржы ағындарын азайту ұсынылады. Ұсынылған шараларды жүзеге асыру үшін бюджет заңнамасына түзетулер пакеті дайындалады», - деді министр бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау жөнінде жасаған баяндамасында.

Қазіргі уақытта аталған тәсілдер орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ұйымдармен пысықталып жатыр.

«Мемлекет басшысының басқа тапсырмалары бойынша ұсыныстар мұқият пысықталып, жақын уақытта қосымша ұсынылады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары