×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Жастарға 2,5%-дық несие берілмей, 29 млрд теңге игерілмей қалды

Бүгін, 17:18
Жастарға 2,5%-дық несие берілмей, 29 млрд теңге игерілмей қалды
Ұлысмедиа коллажы

Бұл туралы мәжіліс кулуарында қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕМІРБЕКОВ НЕ ДЕЙДІ

Вице-министрдің сөзінше, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға 2,5 пайыздық жеңілдікпен берілетін несиені игеру керек болған. 

Бұл бағдарлама 2023 жылы іске қосылды. Сол жылы біз 20 млрд теңге көлемінде қаражат бөлгенбіз. 5 мыңнан астам кредит бөлінген. Алайда біз жүргізген мониториң бойынша ақшаның мақсатқа сай жұмсалмағанын анықтадық. Соны біз еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жеткіздік. Оның көрсеткіштерін өзгерту бойынша жұмыс жүргізу керек еді. Сол себепті бұл қаражат игерілмей қалды, – дейді ол.

Темірбековтің айтуынша, нақты осы бағдарлама бойынша 29 млрд теңгенің бірде-бір тиыны игерілмеген. Вице-министр бұл бағытқа жауапты 73 адам (67-і жоғары лауазымды адамдар) әртүрлі жазаға тартылған. Ішінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жоқ.

ТОҚАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

Жастарға 2,5 пайыздық шағын несие беру – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы болған. Бұл бастама алғаш рет 2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында жарияланған. Президент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында оларға жылдық 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген шағын несие беру қажеттігін атап өткен. Кәсіпкерлік қызметті бастауға ниет білдірген немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-35 жас аралығындағы жастарға шағын несиелер конкурстық негізде берілетіні 2023 жылы айтылып еді. Несиені «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ беруі тиіс-тін. Несиенің максималды сомасы 5 миллион теңгегені құрайтыны, сондай-ақ кепілзаттың болуы міндеттелетіні де сол тұста жазылған.

Серіктес жаңалықтары