Қазақстанда банк салымдары бойынша мөлшерлемелер соңғы 20 жылдағы рекордтық деңгейге жетті. Ең тиімдісі ретінде қысқа мерзімді теңгелік депозиттер танылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Telegram-арнасы Data Hub-қа сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бірінші кредиттік бюроның талдауына сәйкес, биыл сәуір айында Қазақстанда жеке тұлғалардың банк депозиттері бойынша орташа салмақталған мөлшерлеме 14%-ға жеткен. Бұл — 2001 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Мұндай өсімнің басты себебі — ұлттық банктің қатаң ақша-несие саясаты. Қазіргі уақытта базалық мөлшерлеме 16,5% деңгейінде сақталып отыр.
2023–2024 жылдары да мөлшерлемелер осыған ұқсас деңгейге көтерілгенімен, сарапшылар қазіргі жағдайдың ерекшелігі — тұрақтылықта екенін атап өтті. Депозиттер бойынша жоғары табыстылық бірнеше ай қатарынан сақталып келеді.
МАМАНДАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ПКБ мамандары нарықтағы барлық ұсыныстарды сараптап, мынандай қорытындыға келді: 2025 жылғы сәуірде ең тиімді нұсқа – мерзімі 1 айдан 3 айға дейінгі теңгелік салымдар болды. Бұл салымдар бойынша орташа салмақталған мөлшерлеме 15,9%-ға жеткен.
Салыстырмалы түрде:
Осылайша, қысқа мерзімді салымдар бүгінгі күні табыстылық жағынан да, шарттарының икемділігі бойынша да ұзақ мерзімді салымдардан асып түседі.
Табыстылық өсімі тек азаматтарға ғана емес, заңды тұлғаларға да әсер еткен. Қазақстанда заңды тұлғалардың депозиттері бойынша орташа салмақталған мөлшерлеме де өсті – өткен аймен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа артып, 15,4% болды. Бұл – 2016 жылғы қаңтардан бергі ең жоғары көрсеткіш.