×
511.67
582.38
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.67
582.38
6.53

Қазақстандағы ипотека әлемдегі ең қымбат қарыздың бірі болып шықты

04.06.2025, 12:19
Қазақстандағы ипотека әлемдегі ең қымбат қарыздың бірі болып шықты
Ұлысмедиа коллажы

Әлем елдеріндегі ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемелер салыстырылып, сарапшылар Қазақстандағы жағдайды талдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

LS порталының мәліметінше, ең төменгі тұрақты мөлшерлеме Жапонияда тіркелген – жылдық 1,8% (20 жыл мерзімге). Швейцарияда бұл көрсеткіш – 2,4%, Германияда – 3,9%, Қытайда – 4,06%, Оңтүстік Кореяда – 4,3%, ал Малайзияда – 4,11%.

Ал ең қымбат ипотекалық несие ұсынылатын елдер қатарында:

  • Қазақстан – 18,03%,

  • Қырғызстан – 20,1%,

  • Өзбекстан – 22,02%.

Бірақ жылжымайтын мүлікке арналған несиелер бойынша әлемдегі ең жоғары мөлшерлеме Түркияда тіркелген – 42,3%.

ПӘТЕР ЖАЛДАУ БАҒАСЫ

Қазақстанда бір бөлмелі пәтерді жалға алу (қаланың орталығында) орта есеппен айына 232,6 мың теңге тұрады. Салыстырмалы түрде:

  • Малайзияда – 200,6 мың теңге,

  • Қытайда – 221,5 мың теңге,

  • Моңғолияда – 235,7 мың теңге,

  • Қырғызстанда – 242,7 мың теңге.

Қазақстаннан қымбат елдер:

  • Ресей – 307,4 мың теңге,

  • Түркия – 328,3 мың теңге,

  • Оңтүстік Корея – 329,9 мың теңге.

Ал Германияда – 516,4 мың, АҚШ-та – 887,6 мың, ал Швейцарияда – 1 миллион теңгеге дейін жетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда азаматтардың ипотекадан жиі бас тартып жатқаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары