×
518.34
607.18
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
607.18
6.62

Қазақстан бюджеті үшін АЭС шамамен 14 млрд долларға түседі

Бүгін, 11:00
Қазақстан бюджеті үшін АЭС шамамен 14 млрд долларға түседі
Ұлысмедиа коллажы

Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, атом электр станциясын салу шамамен 14 миллиард долларға түсуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл – осындай деңгейдегі станцияның әлемдік нарықтағы шамамен бағасы. Нақты құны техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) нәтижесінде анықталады. Алайда қазір бұдан артық ештеңе айта алмаймыз, себебі бұл ақпарат құпиялық туралы келісіммен қорғалған, – деді ол үкімет кулуарында.

Айта кетейік, бұған дейін бүгін Ресейдің “Росатом” компаниясы Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысын жүргізетіні де белгілі болды.

Ал екінші АЭС-ті қытайлық компания салады.

Серіктес жаңалықтары