×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Экономист: Тоқаев ірі бизнесмендерге арбитраж бола алмайтынын білдірді

21.01.2022, 16:17
Экономист: Тоқаев ірі бизнесмендерге арбитраж бола алмайтынын білдірді
Фото: Ашық дереккөзден

Экономист Расул Рысмамбетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнесмендерге үндеуінің ең маңызды тұстарына тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін бизнесмендер алдында сөйлеген сөзінің бірнеше маңызды тұстарын атап өткім келеді. Меніңше, ең басты лейтмотиві – ұлттық буржуазияға Қазақстанның өңірлерінде өндіріс ошақтарын ашуға міндеттеуі дер едім. Бұл үлкен шаруа. Дәл осындай күйде бұл ұсыныс жоғары мінберде алғаш рет айтылып отыр. Екіншіден, Самұрық Қазына ұлттық әл-ауқат қорының жұмысына анализ жасау және оны қайта қарау. Үшіншіден, президент жақсы қарым-қатынастан гөрі мемлекеттік мүдде бірінші тұратынын мәлім етті. Яғни меніңше, ірі бизнес өкілдері Тоқаевқа қандай да бір шаруада арбитраж ретінде жүгінген кезде президент мемлекеттің мүддесі бәрібір бірінші тұратынын анық білдірген секілді», - дейді Расул Рысмамбетов Ulysmedia.kz. порталына телефон арқылы.

Экономистің айтуынша, елде қазіргі уақытта өңдеу өнеркәсібі өсімді көрсеткенімен, жаңа өндіріс ошақтары аз.

«Тағы бір маңыздысы – «Болашақ» бағдарламасының бағыт-бағдарының өзгеруі, техникалық мамандықтарға маңыздың берілуі. Кейінгі кезде Қазақстанда технарь ретінде мүлде басқа адамдар аталып жүр. Қаржылық және заңгерлік білімі бар адамдарды біз қазір технарь деп атап жүрміз. Шынтуайтында, олай емес. Жалпы дұрыс сөздер айтылды. Көрерміз, президенттің осы сөздерін мемлекеттік аппарат, ұлттық бизнес қалай қабылдайтынын байқай жатармыз», - дейді ол.

Расул Рысмамбетов «Самұрық-Қазына» қоры туралы қайта сөз қозғай келе ол қорды жою – қате болады деген пікір білдірді.

«Холдингті қайта қарау керек. Үлесін азайту керек. Портфельді тұрғыда әртүрлі компанияға инвестиция құятын болса, онда бәлкім 100-ге тарта адамды ғана қалдырған дұрыс болатын шығар. Себебі оны Синапурдың Temasek холдингіне ұқсас форматтауға болады», - дейді экономист.

Сонымен бірге Расул Рысмамбетов «егде технарьларды да ұмытпау керектігін» айтып өтті.

«Алайда олардың бәрін қазіргі экономика өмірден сырт қалдырды. Әйтсе де сол адамдардың қолымен индустриалды зауыттар бой көтеріп, жолдар салынған. Олардың тәжірибесі бәрібір теңдессіз. Мемлекеттік аппараттың назарын техникалық мамандығы бар еңбек ардагерлерінің аударса дейміз. Жаңа технарь қазақтардың өсіп-жетілуіне де пайдалануға болады. Өйткені «Болашақ» бар десек те, бізге практикалық тәжірибе керек. Оны тек ұстаздардың көмегімен алуға болады», - дейді ол.

Еске сала кетсек бүгін бизнесмендермен кездесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «бүкіл байлықтың жартысы 162 адамның қолында» екенін ескерте келе, жағдайды шұғыл өзгертуді талап еткен болатын.