×
540
630.72
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540
630.72
6.72

Ұлы анасына ақша жібергені үшін салықшыларға есеп берген

Бүгін, 09:00
Ұлы анасына ақша жібергені үшін салықшыларға есеп берген
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық азамат анасына ақша жібергені үшін салықшыларға есеп берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соңғы уақытта мобильді ақша аударымдарын бақылау мәселесі қазақстандықтар үшін өзекті тақырыпқа айналды. Ресми ережеге сай, егер үш ай қатарынан айына 100-ден аспайтын аударым жасалса, ол тексерілмейді. Сондай-ақ сома 1 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бұдан бөлек, банкомат арқылы шотты толықтыру немесе өз есепшоттары арасындағы аударымдар бақылауға алынбайды.

Алайда тәжірибеде басқаша жағдайлар да болып жатады. Көпшілік ешқандай заң бұзбадым деп ойласа да, салық органдарынан қоңыраулар мен ресми хаттар алып жатады.

Шынайы оқиға

Digitalbusiness.kz мәліметінше, заңгер Шыңғыс Оралбаевтың айтуынша, бір отбасында мынадай жағдай болған: ұлы анасын үнемі 500 мың теңгемен қамтамасыз етіп отырған. Бір аптадан соң анасы дәл сол соманы қайтадан ұлына аударып отырған. Осылайша олар қаржыны комиссиясыз қолма-қол алуға көмектесу үшін шоттан шотқа «айналдырып» жүрген.

Неліктен бұл күдік тудырды?

— Мұндай операциялар жасанды бөлшектеу немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға ұқсайды. Егер жиілігі жоғары, сомасы ірі әрі аударымда түсіндірме болмаса, банк деректерді Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберуі мүмкін. Қолданыстағы тәртіп бойынша, үш ай ішінде жеке тұлғаның шотына 100 және одан да көп адамнан ақша түссе (2026 жылдан бастап — жалпы сомасы 1,02 млн теңгеден асса), бақылау міндетті түрде басталады. Тіпті туыстар арасында болса да, коммерциялық мақсатқа күдік туса, салық органдары түсініктеме сұрауға құқылы, — дейді заңгер.

Азаматтарға кеңес

Шыңғыс Оралбаевтың сөзінше, қазақстандықтар мұндай жағдайда тек бір ғана амалға сүйенуі керек.

— Отбасы ішінде ақша жібергеннің өзінде аударымның мақсатын міндетті түрде көрсеткен жөн. Ал «алып-қайтару» сияқты мағынасыз қайталанатын транзакциялардан мейлінше аулақ болу керек, — деп кеңес берді ол.

Серіктес жаңалықтары