Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа көлемін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Зейнетақы төлемдері
Ведомство дерегінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 451,4 млрд теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 793 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 658,4 млрд теңге бөлінген.
Зейнеткерлер саны мен орташа зейнетақы
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 млн 497 мың зейнеткер бар. Орташа жиынтық зейнетақы мөлшері – 143 097 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 491 теңге, базалық зейнетақы – 47 606 теңге.
Айта кетейік, 1 шілдедегі жағдай бойынша, орташа жиынтық зейнетақы 143 529 теңге болған. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 912 теңге, базалық зейнетақы – 47 617 теңге болған.
Арту себептері
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемі Ұлттық банктің болжамды инфляция деңгейіне сәйкес 6,5 пайызға өсті. Ал ынтымақты зейнетақы 8,5 пайызға ұлғайды, яғни инфляция деңгейінен 2 пайызға артық индексация жасалды.
Бұған дейін
Еске салайық, бұған дейін енді Қазақстанда зейнетақы басқаша тағайындалатын болатынын хабарлаған едік.