×
535.99
626.36
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.99
626.36
6.64

Банктер халықтың картасынан күніне 92 теңге “жеп”, пайда көріп отыр - экономист

Бүгін, 18:44
Банктер халықтың картасынан күніне 92 теңге “жеп”, пайда көріп отыр - экономист
Фото: pexels

Қазақстандық экономист Ғалым Хусаиновтың айтуынша, ағымдағы шоттарға пайыз есептеуге тыйым салу банктерге халықтың қаражаты есебінен қомақты табыс табуға мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаражат көлемі

Экономистің дерегінше, қазақстандықтар карталық шоттарда шамамен 2,2 трлн теңге ұстайды. Бұл ақша иелеріне ешқандай табыс әкелмейді. Орта есеппен бір картада 220 мың теңге бар. Осы сомадан иелері жылына 33 мың теңгедей жоғалтады. Себебі адамдар бұл қаражатты депозитке аудармайды — ол күнделікті шығынға арналған ақша, үнемі аударып отыру қолайсыз.

Экономисттің есебі

– Қазақстанда жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарында шамамен 2,2 трлн теңге бар, олардың барлығы дерлік – карточкалық шоттар. Бізде 10 млн-ға жуық белсенді карточка бар, орташа қалдық — 220 мың теңге. Біреуде бірнеше миллион, ал біреуде бірнеше мың теңге ғана. Бірақ орташа есеппен 220 мың теңге шығады. Осы сомадан адам жылына шамамен 15% жоғалтады, яғни 33 мың теңге, немесе айына 2750 теңге, немесе күніне 92 теңге. 92 теңге үшін адамдар ақша аударумен әуре болмайды. Біреу бұны есептемеген, біреу аз деп санаған, біреу ыңғайлылық үшін төлейді, ал біреу қаржылық сауаттылығы төмен болғандықтан қалай есептеу керегін білмейді, – деп жазды ол Telegram-арнасында.

Банктерге не пайда?

Оның есебінше, осы «тегін ликвидтілік» есебінен банктер шамамен 330 млрд теңге табыс табады. Бұл – банк жүйесінің жалпы пайдасының 10%-ы. Ал жеке тұлғалардың 90%-ға жуық қаражаты небәрі 4–5 ірі банкте шоғырланған. Демек, қолданыстағы ережеден ең үлкен пайда көріп отырған да солар.

Хусаинов 2019 жылға дейін көптеген банктер карточкалық шоттарға пайыз есептейтін, сондықтан клиенттер қосымша табыс таба алатынын атап өтті. Бірақ реттеудегі өзгерістерден кейін пайданы тек банктер иеленіп отыр. Экономистің айтуынша, бұл жағдай әлі де ұзақ уақыт сақталады. Себебі базалық мөлшерлеме қаншалық жоғары болса, банктердің табысы да соншалық көп болады.

Серіктес жаңалықтары