Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Рубль қымбаттап жатыр
Журналистер рубльдің әлемдік валюталарға әлсіреп, бірақ теңгеге қатысты нығаюының себебін сұрады.
– Мен рубль барлық валюталарға қатысты әлсіреп жатыр деп айтас едім. Керісінше, рубль доллар, еуро секілді резервтік валюталарға қарсы айтарлықтай нығайды. Бұл Ресей экономикасының ішкі даму мәселелеріне байланысты. Оларда импортқа сұраныс төмендеді, сондықтан долларға сұраныс күрт азайды. Рубльдің күшеюі – тек теңгеге қатысты емес, жалпы тренд, – деді Сүлейменов.
Теңге тағы құнсыздана ма?
Сонымен қатар, Сүлейменов бір доллардың мың теңгеге жету қаупіне қатысты сұраққа жауап берді.
– Маған бұл сұрақтың қойылуының өзі теориялық зерттеулерден алынғандай көрінеді. Бізде сыртқы сауда балансы, төлем балансы, экономиканы дамытуға арналған ішкі инвестициялық мүмкіндіктер тұрғысынан бәрі тұрақты, – деді Ұлттық банк басшысы.