×
537.77
622.95
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.77
622.95
6.65

Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірісі 17 трлн теңгеден асты

Бүгін, 10:53
Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірісі 17 трлн теңгеден асты
Ulysmedia.kz коллажы

Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірісі 17,3 трлн теңгеге жеткенін мәлімдеді. Бұл жоспардың 102% орындалған деген сөз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрдің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда өсім 116% болып, кіріс көлемі 2,4 трлн теңгеге артқан. Оның ішінде республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түскен. Жоспардың орындалуы 97,3%, ал өсім өткен жылмен салыстырғанда 1,4 трлн теңгеге көп.

– Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түсіп жатыр, бұл тұрақты өсімді көрсетеді. Оның көлемі 6,8 трлн теңге, жоспар 704,4 млрд теңгеге артық орындалды, – деді Мәди Тәкиев.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы министрі Мәди Тәкиевті қабылдап, онда 2025 жылға арналған республикалық бюджет жобасы талқыланған болатын. Министрдің мәліметінше, келесі жылғы бюджет кірісі 21,6 трлн теңге көлемінде жоспарланған, оның 15,2 трлн теңгесі – салықтық түсімдер.

Серіктес жаңалықтары