×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Сарапшы несие қарызынан шығудың жолдарын айтты

Бүгін, 15:19
Сарапшы несие қарызынан шығудың жолдарын айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Қаржы шолушысы Айбар Олжаев Қазақстандықтарға несие қарызынан шығудың жолдарын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Олжаевтың айтуынша, борышкерлер банкке жасаған барлық жазбаша және ауызша өтініштерін тіркеп, байланыс орнатқанын дәлелдейтін құжаттарды сақтау керек, деп жазады digitalbusiness.kz.

Ең алдымен, мәселе банктің проблемалық бөлімдерімен келіссөздер жүргізу жайында болып отыр. Қарыз алушы несиені қайта құрылымдауға табандылық танытуы тиіс: бұл төлемді кейінге шегеру, кредиттік демалыс немесе қарыз мерзімін ұзарту болуы мүмкін.

Сарапшының пікірінше, ең нашар шешім – несие берушілердің талаптарын елемеу.

– 90 күндік кешіктірілгеннен кейін сіз проблемалық қарыз алушы санатына өтесіз. Қаржы саласында бұл NPL90+ деп аталады. Сондай-ақ, бұдан кеңірек ұғым бар – «3-кезең», оған 90 күннен астам кешіктірілген несиелер ғана емес, дефолт қаупі бар несиелер де кіреді. Банк өз қаржылық есебінің нашарлауына жол бермеу үшін мұндай несиелерден тезірек құтылуға тырысады, сол себепті сіздің қарызыңыз проблемалық активтер пулына еніп, коллекторлардың қолына өтеді. Бұл туралы белгі кредиттік бюро деректерінде пайда болады. Ал жеке кредиттік тарихты қалпына келтіру – қиын әрі ұзақ процесс. Кейін сот процестері басталып, шешімдер шығады, іс жеке сот орындаушыларына өтеді. Бұл процесс енді қайтымсыз, – деді Айбар Олжаев.

Серіктес жаңалықтары