×
522.49
601.07
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.49
601.07
6.47

Мемлекеттік және жекеменшік сектор қызметкерлері қанша жалақы алып жүр

Бүгін, 18:01
Мемлекеттік және жекеменшік сектор қызметкерлері қанша жалақы алып жүр
Ulysmedia.kz коллажы

Мемлекеттік және жекеменшік сектор арасындағы жалақы айырмашылығы шамамен 30%, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сарапшылардың мәліметінше, мемлекеттік секторда тарифтік кестелер мен бірыңғай нормативтер қолданылады, бұл қызметкерлерді икемді түрде ынталандыру мүмкіндігін шектейді.
Ал жекеменшік сектор, керісінше, кадр тапшылығына және нарық сұранысына тез бейімделіп, жалақы көлеміне тек біліктілікті ғана емес, адам капиталының құнын да қосады.

Tengenomika зерттеуіне сәйкес, орташа айлық жалақылар төмендегідей:

Мемлекеттік сектор – 335 574 теңге

Жекеменшік сектор – 468 130 теңге

Жас ерекшелігі бойынша

Ең жоғары жалақыны 35–44 жас аралығындағы қазақстандықтар алады — 455 070 теңге.
45 жастан кейін табыс біртіндеп төмендейді, себебі бұл жастағы мамандардың көбі әкімшілік немесе аз жүктемелі қызметтерге ауысады.
Ал жастар (16–24 жас) орта есеппен 279 875 теңге алады — бұл ең жоғары жалақы алушылардан 1,6 есе аз.

Салалар бойынша

Ең жоғары жалақы тіркелген салалар:

Су көлігі қызметі — 1 145 878 теңге

Компьютерлік бағдарламалау және IT-консалтинг — 1 218 397 теңге

Қаржы және сақтандыру саласындағы қосалқы қызметтер — 1 497 720 теңге

Холдингтік компаниялар мен басқару консалтингтері — 1 558 918 теңге

Ең төмен жалақы төленетін салалар:

Балық шаруашылығы мен балық өсіру — 158 154 теңге

Қауіпсіздік және тергеу қызметі — 201 679 теңге

Мектепке дейінгі білім беру — 206 707 теңге

Ветеринария — 229 363 теңге

Әлеуметтік қызмет көрсету (қамқорлық мекемелері) — 231 937 теңге

Сарапшылар пікірі

– Қазақстанда жалақы құрылымы барған сайын поляризацияланып барады. Жоғары табыстар негізінен қосылған құны жоғары салаларда шоғырланса, әлеуметтік және төмен өнімді қызмет түрлері орнында қалып отыр, – дейді сарапшылар.

Олардың пікірінше, егер бұл үрдіс тиімді еңбек саясаты арқылы реттелмесе, елде "ақыл мен қол еңбегі" арасындағы теңсіздік тереңдеп, зияткерлік еңбек бағаланып, ал физикалық еңбек құнсыздануы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары