×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Былтыр ақылы жолдардан қанша қаражат түсті

10.02.2022, 10:02
Былтыр ақылы жолдардан қанша қаражат түсті
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылы ақылы автомобиль жолдарынан 8,1 млрд теңге қаржы түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ИИДМ сілтеме жасап.

Жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан - Теміртау», «Нұр-Сұлтан - Щучинск», «Алматы - Қапшағай» және «Алматы - Қорғас» республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд. теңге түсті.

Сонымен қатар, елімізде өткен жылдың 23-қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шеккарасы», «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд. теңгені түсті. Жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталған.