×
524.32
609.05
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.32
609.05
6.52

Қазақстанда кредит мөлшерлемелері әзірше төмендетілмейді

Бүгін, 17:03
Қазақстанда кредит мөлшерлемелері әзірше төмендетілмейді
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда тұтынушылық кредиттердің ең жоғары мөлшерлемесін төмендету мәселесі бойынша Ұлттық банк әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мөлшерлемелер өсіп жатыр

Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазір тұтынушылық кредиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемені 40%-ға дейін төмендету мүмкіндігі ғана қаралып жатқанын айтты. Нақты шешім айтуға әлі ерте.

— Қазір базалық мөлшерлеме де, нарықтық мөлшерлемелер де өсіп отыр. Сол себепті ең жоғары мөлшерлеме мен нарықтық мөлшерлемелер арасындағы айырмашылық азайды. Осы тұрғыда бұл бағытты талдау қажет. Бірақ әзірге нақты шешім жоқ, — деді Ұлттық банк басшысы.

“Жетіскеннен емес”

Сүлейменов қазақстандықтардың неге банктерге қарыз болып қалғанына қатысты да ашық пікір білдірді.

— Тұтынушылық кредит неге өсіп жатыр? Өйткені сұраныс бар. Сұраныс неге бар? Экономика өсіп жатқанымен, өкінішке қарай, нақты жалақылар өсіп отырған жоқ. Адамдар өмір сүру деңгейін сақтап қалу үшін тұтынушылық қарыз алуға мәжбүр. Сондықтан мәселені екіге бөлу керек. Бірінші — халықтың әл-ауқатын арттыру, номиналды және нақты жалақыны көбейту. Егер табыс жеткілікті болса, ешкім қарыз алуға жүгінбейді. Жалақыны көтеру керек. Екінші мәселе — кредитті оны өтей алатын азаматтардың ғана алуын қамтамасыз ету, — деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасы несие нарығын реттеу — негізінен Қаржы нарығын реттеу агенттігінің міндеті екенін атап өтті. Бұл нарықты реттеуге бағытталған бірқатар заң нормалары бар екенін де қосты.

Серіктес жаңалықтары