×
510.18
601.91
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.18
601.91
6.51

Қазақстанда мемлекеттік қолдауды жылдар бойы бір компаниялар алып келген

Бүгін, 11:26
Қазақстанда мемлекеттік қолдауды жылдар бойы бір компаниялар алып келген
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Нұртaй Сабильянов Қазақстанда бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен ашықтығына күмән келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Мәжіліс отырысында сөйлеген Сабильянов Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит мемлекеттік қолдау шараларын басқару, есепке алу және талдау жүйесінде елеулі проблемалар барын анықтағанын айтты. Оның сөзінше, қолдау тетіктері бытыраңқы түрде іске асырылады, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен салалық мемлекеттік органдар арасындағы жауапкершілік функциялардың қайталануы мен қабаттасуына байланысты нақты бөлінбеген.

— Даму институттары мен операторлар тым көп құрылған. Олардың қатарында Қазақстанның Даму Банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры, Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры, KazIndustry, QazTrade және өзге де ұйымдар бар, — деді депутат.

“БІР КОМПАНИЯЛАР”

Сабильянов бірнеше компанияның ұзақ жылдар бойы әртүрлі құралдар мен операторлар арқылы қаржылай қолдау алып келгенін мысалға келтірді:

  • «Терра» ЖШС — 2015–2024 жылдары аралығында 10 жыл ішінде 19 қолдау құралы арқылы 17 млрд 11 млн теңге;

  • «Актеп» ЖШС — 2015–2024 жылдары 10 жылда 13 құрал бойынша 11 млрд 679 млн теңге;

  • «Полтри Агро» ЖШС — 2019 жылы құрылғанына қарамастан, 2020–2023 жылдары 4 жыл ішінде 7 құрал арқылы 2 млрд 932 млн теңге алған.

— Бұған қоса, бұл кәсіпорындар инвестициялық келісімшарттар негізінде импорт кезінде ҚҚС-тан және кедендік баждардан босату секілді салықтық жеңілдіктерді де қатар пайдаланған, — деп толықтырды депутат.

Осы деректерге байланысты Сабильянов бір субъектінің бірнеше мемлекеттік қолдау түрін қатар алуына шектеу қоюды, сондай-ақ әрбір қолдау шарасының тиімділігіне уәкілетті органдар тарапынан жүйелі бағалау мен талдау жүргізуді ұсынды.

— Тек осы жолмен ғана мемлекеттік қолдау жүйесінің ашықтығы мен нәтижелілігін арттыруға болады, — деп түйіндеді мәжілісмен.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Смайылов Ұлттық экономика министрлігін деректерді бұрмалады деп айыптаған болатын

Серіктес жаңалықтары