×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

Азық-түлік бағасын бақылайтын аналитикалық платформа құрылды

07.09.2021, 13:30
Азық-түлік бағасын бақылайтын аналитикалық платформа құрылды
азық-түлік

Сауда және интеграция министрлігі платформаны пилоттық режимде іске қосуға дайын отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Сауда бойынша аналитикалық платформа құрылды. Оны пилоттық режимде іске қосуға дайынбыз. Платформа онлайн режимінде азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізуге және болжамды бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Вице-министрдің айтуынша, мүдделі мемлекеттік органдардың қолданыстағы базаларымен интеграция жүргізе отырып, платформа бағаның өсу себептері мен оларды тұрақтандыру жолдарын көруге мүмкіндік беретін математикалық модельдерді құрады. Сонымен бірге, сауда саласының жай-күйіне кешенді талдау жүргізіп, түпкілікті тұтынушыға дейін бүкіл тізбек бойынша тауарларға баға белгілеу үрдістерін анықтайды.

«Бұл жұмыс Үкіметтің цифрлық кеңсесі аясында жүргізіледі. Осы платформаға әкімдіктердің ахуалдық орталықтары да қосылады. Бұл әрбір өңірдегі баға бойынша жағдайды жедел режимде мониторингтеуге мүмкіндік береді», - деді вице-министр.