Ұлттық қордағы валюталық активтер қаңтарда 57,6 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банк дерегінше, Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 1,9 млрд АҚШ долларына ұлғайып, қаңтардың аяғында 57,6 млрд долларды құрады.
«Әлемдегі қор нарықтары 2023 жылды оптимизммен бастады. Нәтижесінде тәуекел-дәрежесінің артуы акциялар мен облигациялардың өсуіне, сондай-ақ алтын бағасының айтарлықтай ұлғаюына әсер етті. Нәтижесінде Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қаңтарда 1,8 млрд АҚШ долларын құрады. Активтердің өсуіне ықпал еткен қосымша фактор – Ұлттық қорға түскен түсімдер саналады. Мәселен, қаңтарда қорға түскен валюталық түсімдер 329 млн АҚШ долларын көрсетті. Бұл ретте өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 235 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта ішкі валюта нарығында 228 млн АҚШ доллары сатылды. Трансферт үшін қаражаттың негізгі бөлігі қорға теңгелік түсімдер есебінен бөлінді», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.