×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Дағдарыспен күреске 6,3 трлн теңге жұмсалды - президент

28.09.2021, 16:25
Дағдарыспен күреске 6,3 трлн теңге жұмсалды - президент
фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезіне қатысты, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Кәсіпкерлер палатасы үкіметтің сенімді серіктесіне айналғанын және еліміздің орнықты дамуына зор үлес қосып келе жатқанын айтты. Оның пікірінше, «Атамекен» ұлттық бизнестің мүддесін тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық деңгейде де үнемі қорғайды. Бес жыл бұрын шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 24 пайыз болды. Қазір бұл көрсеткіш 32 пайызға жетті және салада 3,5 миллион отандасымыз жұмыспен қамтылған.

«Бүкіл әлемге тараған эпидемия былтырдан бері еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтірді. Қиын сәтте мемлекет бизнес саласына жан-жақты қолдау көрсетті. Әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 6,3 триллион теңге болатын дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы жүзеге асырылды. Бұл ахуалды түзеуге және экономикалық белсенділік пен кәсіпкерлік бастамаларды қайта қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Жұмыссыздықтың бірден белең алуына және кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауына жол бермедік. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша, ел экономикасы 3 пайызға өсті. Мемлекет бизнеске көмек көрсету ісін жалғастыра береді», – деді президент.