×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Министр Қуантыров: Табысын растамай ірі сомада несие беруді қолдамаймын

04.04.2022, 10:48
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров табысын растамай ірі сомада несие беруді қолдамайтынын мәлім етті. Бұл туралы министр Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында айтты.

Сұхбат барысында министрге халықтың әлеуметтік жағдайы туралы сұрақ қойылды.

«Өзіміз күнделікті көріп жүрсек те, зерттеп қарасақ та отандастарымыздың әрбірінде несие барын, сол несиені төлей алмай жүргенін байқаймыз. Қазір екінің бірі табысын растамай-ақ Каспий банктен несие ала береді. Үкімет осы мәселені қалай реттегелі отыр? Жалпы табысты растамай несиені оңды-солды беруге қалай қарайсыз? Меніңше, осыдан барып адамдар несиеден құтыла алмай, ашуланып жүретін секілді...» - деген сұрақ қойылды министрге.

Әлібек Қуантыров бұл мәселемен Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк айналысатынын айтып өтті.

«Белгілі бір жұмыс атқарылып жатыр. Ставкасы жылына 700 пайызға дейін жететін несиелерге шектеу қойылды. Қазір қателеспесем ол ставка жылына 56 пайыздан аспауы керек. Адамдарда несиенің болуының өзі жалпыға ортақ тәжірибе. Алайда төлем қабілеттілігі мәселесі бөлек сұрақ әлбетте», - деді ол.

Министр базалық мөлшерлеме көтерілгендіктен, тиісінше екінші деңгейлі банктердің де пайыздық мөлшерлемесі көтерілгенін еске салды. Екінші жағынан көп мәселе жалпы экономиканың дамуымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Бәрі тұрақталғаннан кейін Ұлттық банк бәлкім ставканы төмендетуі мүмкін. Осылайша, екінші деңгейлі банктер беретін несие пайызы да азаюы керек. Депозит те баланста болуы керек. Меніңше, табысын растамай несие ірі сомада берілмеуі керек. Шағын несиені беруге болады. Мобильді төлемдер қазір белсенді түрде дамып келеді. Формализм азайып, екінші деңгейлі банктердегі бюрократия азайып келеді. Технология дамып келе жатқаннан кейін осындай шұғыл шешімдер қабылданады. Алайда бәрі де баланста болуы тиіс», - деді ол.