×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Үкімет Ұлттық қордан алынатын қаражатты 1,6 трлн теңгеге ұлғайтпақ

05.04.2022, 09:19
Коллаж: ulysmedia.kz.

Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

«Бюджет шығыстары келесі көздер есебінен ұлғайтылды: бюджеттің өз кірістері - 1,1 трлн теңге. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті ұлғайту -
1,6 трлн теңге», - деді ол Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, президенттің тапсырмаларын іске асыруға қосымша 1,8 трлн теңге бағытталады.

«Біріншіден, халықтың табысын арттыру бойынша жалпы шығыстары 197 млрд теңге болатын іс-шараларды іске асырылады. Осы қаражат шеңберінде жастарды қолдау, өз бизнесін ашу үшін микрокредиттер беру, жалға алынған тұрғын үй үшін төлемнің бір бөлігін субсидиялау және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған басқа да маңызды іс-шаралар қамтамасыз етіледі», - деді ол.

Екіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары шеңберіндегі іс-шараларға 238 млрд теңге жұмсалмақ. Қосымша қаражат агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру көлемін ұлғайтуға және ауыл шаруашылығындағы басқа да мәселелерді шешуге бағытталады.

«Үшіншіден, жалпы сомасы 476 млрд теңгеге қосымша шығыстармен өңірлерді дамыту көзделген. Аталған шығыстардың негізгі бөлігі 271 млрд. теңге немесе 57% батыс және оңтүстік өңірлерді дамытуға бағытталған», - деді ол.

Ал Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров “2022 жылға бекітілген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 1,6 трлн теңгеге ұлғайтып, 4 трлн теңгеге дейін түзету ұсынылып” отырғанын мәлім етті.