×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Қаржы министрі: Несие алсаңыз – депозиті барлардың да жағдайын ойласаңызшы

05.04.2022, 10:26
Фото: Ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елде табысын растамай несие беру мәселесіне байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметтің кулуарында Ulysmedia.kz порталының тілшісі министрден «Табысын растамай азаматтарға несие бере беретін банктердің саясаты туралы не ойлайсыз? Екінің бірі қазір осының салдарынан несиесін өтей алмай  жүр. Бұл мәселеге байланысты жеке позицияңыз қандай?» деп сұрақ қойды.

Бұл сұраққа жауап берген министр сөзін «сол үшін жұмыс істеп жатырмыз ғой» деп бастады.

«Жалпы халықтың табысын көтеру – Үкіметтің негізгі мәселесі. Жұмыспен қамтамасыз ету, керек жағдай бизнеске мүмкіндік ашу, микронесие беру көзделеді. Халық табысын көтеру бағдарламасының өзіне 200 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылады», - деді ол.

Ерұлан Жамаубаев табысын растамай несие беру – банктердің құзырындағы мәселе екенін атап өтті.

«Бұл жерде банктер біреудің депозитін ұстай отырып, екінші адамға несие береді. Яғни сіз несие алатын кезде – банкті капиталмен қамтамасыз етіп отырған адамды да ойласаңызшы. Себебі көп адамның депозиті сонда жатыр. Депозитті 0 пайызбен емес, кемінде 10-11 пайызбан қабылдайды ғой. Сондықтан несие берген кезде банктер абайлап береді. Әр банктің өз жұмысы. Олар коммерциялық банктер. Сондықтан бизнесте солай болуы керек деп ойлаймын», - деді ол.