×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Қазақстанда долларды сату-сатып алудағы ауытқу шегі 15 теңгеге дейін ұлғайтылды

11.04.2022, 18:34
Фото: Ашық дереккөзден

Ал еуроға келгенде бұл шек 20 теңге болып отыр, деп хабарлайды деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылы 31 наурызда «Айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу туралы» Басқарманың № 30 Қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданғанын хабарлайды. Қаулы алғаш ресми жарияланған күні – 2022 жылғы 11 сәуірде күшіне енді.

Құжатпен уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегінің рұқсат етілетін мәндері бекітілді.

«Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шек мөлшері 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылу мерзімімен АҚШ доллары үшін – 15 теңге, еуро үшін – 20 теңге», - деп хабарлайды Ұлттық банктен.

Белгіленген шектеулер қолма-қол ақшасыз жүргізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды.