×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Қазақстан Даму банкі миллиардтарды кімге үлестіріп жатыр

15.04.2022, 15:32
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктерді қысқаша ЕДБ деп атаймыз. Осы ЕДБ-лар қызметін реттейтін бас банк – Ұлттық банк. Беріктігі бойынша, әрине, Ұлттық банк бірінші орында: кім көрінгенге ол қызмет көрсете бермейді, ақшаны көбірек алатындарға, бірақ уәдені азырақ айтатындарға береді. Ал Қазақстан Даму банкі ақша бөлген – энергетика, көлік, логистика, мұнай -химия, тамақ өнеркәсібі саласындағы зауыттар мен фабрикалар біздің елді шикізат тәуелділігінен күндердің күнінде арылтар деген үміт әлі сөнген жоқ.

Алайда ҚДБ клиенттерінің ішінде қарасаң ойға сыймайтын жобалар да бар. Мәселен, дәл қазір банк Ақтаудағы Актау Tethys Aktau II және Tethys Aktau III компанияларының өтінімін қарап жатыр. Аталған екі ЖШС көпбейінді қонақ үйлі әрі туристік кешеннің екінші кезегінің құрылысына ақша сұраған. Яғни ақшаның өзі гольф-клубтар мен гольф-отельдерді, виллалар мен сауда дүкендерін салуға сұралып отыр. Айтпақшы, Tethys Aktau II компаниясы 47,2 млрд теңгені бір рет алған. Ол жаққа не салынғаны белгісіз, бірақ алғаны аз көрінсе керек. Былтыр мамыр айында ғана қайта тіркелген фирмалардың бірін Дмитрий Викторович Цыбулько деген адам басқарады. Оның қол астында 101-150 адам еңбек етеді. Ал екінші компания, яғни Tethys Aktau III 2020 жылдың желтоқсанында тіркелген. Онда 6-10 адам істейді, қожайынының есімі Арман Жексенбердіұлы Ниязбеков.

Ulysmedia.kz порталының тілшісі Ниязбеков пен Цыбулько Бозжыра шатқалына қонақ үй салу үшін ақша алғысы келетінін анықтады. Бұл жобамен жалпы бірнеше компания – Tethys Aktau IV басқаратыны, ал бұл ЖШС-ны Tethys IV LTD және Tethys internernational HUB LTD арқылы FTG мен Қазақстан инвестициялық даму қорының басқарушы компаниясы басқаратыны белгілі. Ал бұл қор жай қор емес, директорлары кеңесін қазақстандық үкімет басшысы басқаратын мемлекеттік қор екенін ескеру керек.

«Қызық» осы жерден басталайын деп тұр. ҚДБ елдегі ортаңқол компанияның өтінімінен бас тарта ма? Әлде қоғамның есті қауымы жаппай қарсы шыққан мегажобаның екінші кезегін салуға несие бере ме?

Бұған дейін атағы жер жарғанымен түбі қылдырықтай болған жобаларды да ҚДБ-ның қаржыландырғаны бар. Сондай «озық» жобаның бірі - BIOHIM зауыты 2006 жылы СҚО-да ашылған. Сол тұста бидайдан биоэтанол жасалатынына уәде берілген. Алайда өнеркәсіптің бұл локомотиві сол күйі сөз жүзінде қалды. «Қазақстандық ғажайып» жобаның кредиторы осы Қазақстан Даму банкі болған. Ол тұста 60 млн доллар бөлінген.

Ақтөбелік «Хобас Пайпс Қазақстан» да банкрот деп танылды. ҚДБ қарыз алушылары полиэфирмен нығайтылған шыны талшықтан құбырлар мен фитингтер өндіреміз деп жар салған. Жобаның құны ҚДБ берген 16 миллион еуроны құрады. Зауытты 2005 жылдың мамыр айында Нұрсұлтан Назарбаев іске қосты.

Осылай ауаға «сіңіп» кететін жобалардың тізімі ұзақ. Бірақ сол кеткен ақша молынан кетті.  Ал ешкім жауап бермеді.