×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

«Самұрық-Қазына» жылдық табысын жариялады

22.04.2022, 12:37
Фото: Ашық дереккөзден

«Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры с онлайн брифинг өткізіп, онда 2021 жылдың өндірістік және қаржылық қорытындылары туралы баяндап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

«Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директорының айтуынша, Қор тобы үшін 2021 жылдың қорытындысы айтарлықтай нәтижелі болды. Бастысы, 2020 жылғы дағдарыстан кейін компаниялардың іскерлік белсенділігінің қалпына келгенін көрсетті. Алдын-ала деректер бойынша, 2021 жылы Компаниялар тобының кірісі 11,7 трлн теңгені құрады, бұл жоспарланған межеден 2,4 трлн теңгеге көп», - дейді Нәзира Нұрбаева.

Оның айтуынша, таза пайда 1,6 трлн теңге, бұл 2021 жылға арналған бекітілген жоспардан және 2020 жылдың нәтижелерінен үш есеге жуық жоғары.

«Пайданың ұлғаюы негізінен есепті кезеңдегі мұнай мен мұнай өнімдері бағасының өсуіне байланысты. Сонымен қатар, карантин шараларының жеңілдетілуіне және елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруынан, 2021 жылы әуе және теміржол көлігі саласында жолаушылар тасымалы сәйкесінше 74%-ға және 49%-ға өсті. Қытай-Еуропа, Қиыр Шығыс-Орталық Азия және Қытай-Кавказ/Түркия бағыттарында контейнерлік транзит көлемі артты, осыған байланысты контейнерлік тасымалдар 22%-ға өсті. Сонымен қатар, ішкі нарықта электр энергиясын тұтынудың өсуі электр энергиясын өндіру мен тасымалдау көлемінің сәйкесінше 13% және 18%-ға артуына ықпал етті», - дейді ол.