Наурыз және сәуір айларында Қазақстан аумағынан 700 мың долларға жуық қаржы шығарылмақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
"Наурыз-сәуір айларында Қазақстаннан шекара арқылы 671 000 доллар қолма-қол ақшаны заңсыз алып шықпақ болған 40 дерек анықталды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар шетелдік валютаны елден шығаруға тыйым салынған соң жалпы сомасы 280 мың долларға тең қолма-қол ақшаны заңсыз шығарудың 21 дерегі тіркелген.
Аталған деректердің барлығы Нұр-Сұлтан мен Алматы халықаралық әуежайларында орналасқан кеден бекеттерінде тіркелген.