×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Доллар тағы да күрт құлдырады

24.05.2022, 16:55
фото: ашық дереккөзден

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар тағы арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

KASE ұсынған мәліметке сәйкес, күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 7,56 теңгеге төмендеп, 416,91 теңге болды. Бұған дейін доллардың 24 мамырдағы ресми бағамы 424,84 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы 417,64 теңге, ал сатылымда –  422,44 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 416,14 теңгеден сатып алып, 419,59 теңгеден сатып жатыр.