×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Маусымнан бастап қандай ірі компанияларға салықтық тексеру жүргізілетіні белгілі болды

25.05.2022, 11:26
фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратура 2022 жылдың екінші жарты жылдығына арналған салықтық тексеру кестесін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кестеде көрсетілген кейбір компаниялардың тізімі төмендегідей:

Француз үйі "АҚ;
"Газпром-нефть Казахстан"АҚ;
"Беккер и К" ЖШС;
"Гелиос" ЖШС;
"Альфа Банк" Еншілес банкі АҚ;
"Мечта Маркет" ЖШС.

Тізімде барлығы 812 компания, оның ішінде бірқатар өндірушілер бар. Жақында бұл компанияларға тексеру туралы хабарлама жіберіледі, содан кейін отыз күннен кейін салықтың барлық түрлерін тексеру басталады. Ірі компаниялар бойынша 2017 жылдан 2021 жылға дейінгі бес жыл, ал орта бизнес бойынша 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін үш жыл мерзім қаралады.