×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Министр теңге бағамының нығаюына не ықпал еткенін айтты

25.05.2022, 14:47
фото: ашық дереккөзден

Теңге бағамының қайта нығаюына не әсер етті? Бұл сауалға Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жауап берді. 

«Негізгі себептердің біріне тоқталсақ, валюта бағамына қатысты дүрбелең болды. Бизнестің кейбір түрлері мен халықтың бір бөлігі АҚШ долларын жаппай сатып ала бастады. Соның салдарынан теңге бағамына қысым жасалды. Осыдан кейін бұл жағдай тұрақтанғанын, теңге бағамы нығайғанын көріп тұрмыз», - деді Ә. Қуантыров.

Министр наурыз айында Үкімет бюджетті нақтылағанын, сондай-ақ 1 доллар үшін 460 теңге деңгейінде болжамды бағам енгізілгенін атап өтті. 

«Біздің экономикада өсім бар екені баршаға мәлім. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша 4,4 пайыз болды. Атап айтқанда, валюта бағамына қатысты дүрбелең басылды. Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірелесе экономиканы тұрақтыру бойынша тиісті қадамдарды жүзеге асырып жатыр», - деді ведомство басшысы.