×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Ақылы жолдар қымбаттайтыны рас па

26.05.2022, 10:02
Фото: Instagram

Әлеуметтік желілерде ақылы жолдар тарифі өсетіні жайлы ақпарат тарауына байланысты көлік комитеті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгінде республика бойынша ұзындығы 2,2 мың шақырым болатын I санаттағы автожолдардың 11 ақылы учаскесі жұмыс істеп тұр.

Ақылы учаскелердегі тарифтер Үкіметтің 2013 жылғы қаулысымен бекітілген:

- жеңіл көлік үшін – шақырымына 1 теңге;

- 16 орынға дейінгі автобустар және 1-ден 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – шақырымына 5 теңге;

- 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – шақырымына 10 теңге;

- 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – шақырымына 15 теңге;

- 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – шақырымына 20 теңге;

- 15-тен 25 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – шақырымына 25 теңге.

Қазіргі уақытта қолданыстағы I санаттағы ақылы учаскелер бойынша жол жүру тарифін көтеру көзделмейді, яғни олар бұрынғы қалпында қалады. Тек шет елдердің транзит жүк көліктері үшін жол жүру тарифін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта бастама халықаралық заңнаманы ескере отырып алдын ала талқылану үстінде. Бұл шешім жергілікті компаниялар арасында адал бәсеке туғызады. Осыған байланысты, автожолдардың ақылы учаскелері бойынша жүру үшін біріздендірілген және транзиттік тарифтер әзірленіп жатыр.

«Whatsapp желісінде жүк көліктерінің жүру құнын шақырымына 400 теңгеге дейін қымбаттату туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айта кету керек. Барынша сақ болып, арандатушылыққа жол бермеуге шақырамыз. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 1403 нөмірі бойынша хабарласуларыңыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқан тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады» делінген комитет хабарламасында.