×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Жыл басынан бері майнингтен қазынаға қанша қаржы түскені белгілі болды

30.05.2022, 12:05
фото: ашық дереккөзден

Биыл цифрлық майнингтен бюджетке 652 млн теңге түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. 

«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Цифрлық майнингті саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады және қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін төлемақы алынады. Цифрлық майнинг үшін төлемақы еліміздің 12 аумағының төлеушілерінен түскен. Ең көп төлем Нұр-Сұлтан қаласынан түскен және бюджетке 277,3 млн теңге төленген. Одан кейінгі орындарда БҚО, Ақтөбе облыстары тұр. Аталған облыстар тиісінше 143,1 млн және 48,9 млн теңгеден қаражат төлеген», - делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, аталған төлемақы республикалық бюджетке түседі. Айта кетерлігі, Салық кодексінде цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша салық есептілігін тапсыру көзделмеген. Төлемақы сомасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде есептеледі.

«Қазіргі уақытта ҚР Парламентінде цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасын ұлғайтуды көздейтін заң жобасы қарастырылуды», - деп толықтырда комитет.