×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы күрт азайды

30.05.2022, 14:39
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық банк ұсынған мәлімет бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сәуір айында 0,3%-ға, яғни 40 млрд теңгеге азайып, 12 939,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап. 

«2022 жылғы сәуірде зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза табыс 170,1 млрд теңгеге, 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 7 033,2 млрд теңгеге дейін азайды», – делінген ҚР Ұлттық банкінің хабарламасында.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 10,9 млн шотты құрады.

2022 жылдың сәуір айында зейнетақы төлемдерінің сомасы 34,6 млрд теңгеге жеткен.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 41,2% және 22,5%) алады.