×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Қазақстандықтардың 3 млрд доллардан астам зейнетақы қаржысы шетелдік компанияларға берілген

31.05.2022, 11:28
фото: ашық дереккөзден

Шетелдік компаниялардың басқаруында қазақстандықтардың $3 млрд-тан астам зейнетақы активтері бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz LS-ке сілтеме жасап.

Ұлттық банк мәліметінше, шетелдік компанияларды тарту үш мандат бойынша жүзеге асырылады.

"2022 жылғы 1 мамырдағы деректер бойынша сегіз шетелдік басқарушы компанияларға кезең-кезеңімен инвестициялық басқаруға 3,02 млрд доллар зейнетақы активтері берілді. Aviva Investors "дамушы нарықтардың жаһандық облигациялары" мандаты бойынша 220 млн доллар алды, HSBC  – 400 млн доллар, Robeco және BlackRock (USA) – әрқайсысы 200 млн доллардан, BlackRock (UK) және UBS "жаһандық акциялар" мандаты бойынша – әрқайсысы $250 млн доллардан, PGIM және Principal "инвестициялық деңгейдегі жаһандық корпоративтік облигациялар" мандаты бойынша – әрқайсысы 750 млн доллардан алды", – деп атап өтті Ұлттық банктегілер. 

Активтерді шетелдік компанияларға беру басталған сәттен бастап (2018 жылғы наурыз) 2022 жылғы наурызға дейін БЖЗҚ-ның сыртқы басқарудағы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыс сомасы 264,3 млрд теңгені құрады.

Салымшылар қазақстандық компанияларға сеніп тапсырған зейнетақы активтеріне келетін болсақ, 1 мамырдағы жағдай бойынша берілген ақшаның жалпы көлемі шамамен 9 млрд теңгені құрады. Бұл қаржыны Jysan Invest (4,06 млрд теңге), Halyk Global Markets (2,5 млрд теңге), BCC Invest (1,43 млрд теңге) және "Сентрас Секьюритиз" (890 млн теңге) өзара бөліскен.